Жаңалықтар
13 сәуір күні су тасқынының алдын алу үшін Орал қалалық ардагерлері шықты. Олар "Оралтранс" ЖШС басшысы Тұрарбек Тлемисовтың мекемесімен бірігіп, өзен жағалауын биіктету үшін қапты құммен толтырып, Коминтерн ауылы маңына көліктерге тиеп жөнелту жұмысына қатынасты. Бұл шараға Ақжайық, Бөкейорда, Бөрлі, Бәйтерек, Жаңақала, Шыңғырлау аудандары жерлестерінің ардагерлер бастауыш ұйымының мүшелері қатынасты. Барлық ардагерлерге белсене атсалысып еңбек еткендеріне шексіз алғысымызды білдіреміз.